Қазақстан мен Непал өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

25.09.2026 09:22
Depositphotos.com

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непал Сыртқы істер министрі Шисир Ханал Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Непал Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Непал арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.

Толық көрсету