Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экологиялық ынтымақтастық туралы заңға қол қойылды

07.11.2024 18:53

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Көп оқылған: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Президент Ресейдің сыртқы істер министрімен қандай мәселені талқылады