Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді

20.12.2025 12:16

Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті

Аlmaty.tv

«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті.

Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Жапония Премьер-министрі келесі саммиті Қазақстанда өткізуге келісті.

Айта кетейік, саммитте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қаткр, Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Оқи отырыңыз: Президент «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі