Қырғызстан ТМҰ төрағалығын Әзербайжанға тапсырды

Фото: Түркі мемлекеттері ұйымы
Фото: Түркі мемлекеттері ұйымы

Садыр Жапаров төрағалық еткен кезде Қырғызстанға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін қатысушы елдерге алғысын білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазанның 7-сі күні Габалада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің XII саммитінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел төрағалығы кезінде 120-дан астам жоғары деңгейлі іс-шара өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қырғызстан Президенті өз сөзінде Қырғызстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығының қорытындысын шығара отырып, өткен жыл республика үшін маңызды және күрделі кезең болғанын атап өтті.

Президент қырғыз тарапының бастамасымен түркі елдері арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға негіз болатын Экономикалық, сауда-инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықтың Жол картасы әзірленгенін хабарлады.

Садыр Жапаров цифрлық интеграцияға ерекше назар аударып, ТМҰ мемлекеттері арасындағы цифрлық құжаттарды заңды түрде мақұлдауды қамтамасыз ететін электронды цифрлық қолтаңбаны өзара мойындау туралы келісімнің маңыздылығын атап өтті.

Гуманитарлық салада Мемлекет басшысы 2026 жылы Қырғызстанда 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін, оның ашылу салтанаты ШЫҰ саммитімен қатар өтетінін мәлімдеді.

Сөзін қорытындылай келе, Садыр Жапаров төрағалық еткен кезде Қырғызстанға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін қатысушы елдерге алғысын білдіріп, эстафетаның Әзербайжанға тапсырылғанын жариялады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды

Новости партнеров