Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады

primeminister.kz
primeminister.kz

Алатау қаласы 2024 жылдың қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вице-премьер Қанат Бозымбаев пен Қытай даму институтының вице-президенті Цзянь Цюй Алатау қаласын салу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге Қазақстанның Әділет, Ұлттық экономика, Индустрия және Құрылыс министрліктерінің вице-министрлері де қатысты.

Алатау қаласы 2024 жылдың қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен құрылды. Мамырда қаланың Бас жоспары бекітілсе, қазанда Премьер-министрдің өкімімен вице-премьер Канат Бозумбаев төрағалық ететін жобалық кеңсе құрылды.

"Жобалық кеңсе аясында заңнамалық өзгерістер енгізу, инвестиция, инфрақұрылым, жер мәселелері және сауда бойынша сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, үш жұмыс тобы құрылды. Барлық топтар тиісті жұмыстарды атқаруда. Бізге Шэньчжэнь арнайы экономикалық аймағын дамытудағы тәжірибе қызықты. Алатау қаласын құру бойынша ынтымақтастыққа қуаныштымыз және сіздің ұйымыңызды кеңесші және консультант ретінде көргіміз келеді", — деді Қанат Бозымбаев.

Қытай даму институты (China Development Institute) – 1989 жылы Шэньчжэнь қаласында құрылған тәуелсіз аналитикалық орталық. 2015 жылдан бастап Қытайдағы жетекші аналитикалық орталықтардың бірі ретінде танылды.

Оқи отырыңыз: Алматы мен Шанхай бауырластық қатынас орнатпақ

Новости партнеров