Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

12.11.2025 14:05

Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты

Almaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

Қазақстан Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты.

Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді