Мемлекет басшысы корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады

03.10.2025 11:36

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті