Мемлекет басшысы Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Акорда
Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы президентіне толағай табыс тіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Новости партнеров