Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

30.07.2025 14:31

Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті

Ақорда

Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Түркия халықаралық аренада ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты