Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

23.07.2025 09:42

Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. 

"Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда жайлы қала кеңістігі қалыптасады: Есентай өзенінің жағалауы көркейтіледі