Екі тарап бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады», - делінген хабарламада.
Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.
Оқи отырыңыз: Президент жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады