Мемлекет басшысы Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды.

Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жасыл мобильділік апталығы: Алматы тұрғындарын экологиялық сапарларға атсалысуға шақырады

Новости партнеров