Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

08.08.2025 16:58

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

«Владимир Путин таяуда Мәскеуде АҚШ Президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді», - делінген хабарламада. 

Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында өрт сөндіру бекетінің құрылысы салынып жатыр