Мемлекет басшысы Швеция короліне құттықтау жеделхатын жолдады

06.06.2025 11:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бұл айтулы мереке швед халқы қадір тұтатын бірлік, тарихи мұра және берік демократиялық дәстүрлер сияқты құндылықтармен үндеседі. Сіздің дана басшылығыңыз арқылы еліңіз алдағы уақытта да орнықты даму мен жаңашылдықтың озық үлгісін көрсете беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Құрбан айт мерекесі: Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр