Қасым-Жомарт Тоқаев Николас Мадуромен кездесті
Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында айтты. Президент Қазақстаннан майданға 1,2 миллион адам аттанып, олардың жартысы ерлікпен қаза тапқанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар белгілі себептерге байланысты осы уақытқа дейін екіжақты ынтымақтастық ойдағыдай өрістемегеніне назар аударды.
Осы орайда Николас Мадуроны өзара ықпалдастықты талқылау үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Оқи отырыңыз: Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды