Мемлекет басшысы АҚШ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

14.06.2026 11:12

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке, табыс тіледі

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті.

Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Оқи отырыңыз: Бүгін Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні аталып өтеді