Мемлекет басшысы Беларусь президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

"Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды.

Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді.

Оқи отырыңыз: Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Новости партнеров