Мемлекет басшысы Эфиопия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

28.05.2026 09:51

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады