Мемлекет басшысы Финляндия президентін құттықтады

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббқа жеделхат жолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен.

«Сондай-ақ Финляндия Президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі.

 Оқи отырыңыз: Алматыны халықаралық ынтымақтастық хабына айналдыру ниетін құптаймыз – Президент

Новости партнеров