Алматы жастары Халықаралық еріктілер күнін кең көлемде атап өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы алматылық еріктілер қалада ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында Халықаралық еріктілер күніне орай ұйымдастырылған қалалық еріктілер форумы өтті. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жиынға еріктер ұйымдарының жетекшілері, жастар бірлестіктері, әлеуметтік және экологиялық бастамалардың өкілдері қатысты.

2025 жылы алматылық еріктілер қалада еріктілікті дамыту бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарды: 50 мыңнан астам ерікті тіркеліп, олардың 10 мыңнан астамы әлеуметтік, экологиялық және білім беру бастамаларына алғаш рет тартылған жаңа қатысушылар болды. Еріктілер қозғалысының қызметі 42 ірі ұйымды біріктіретін және жан-жақты әдістемелік әрі ұйымдастырушылық қолдау көрсететін Еріктілер фронт-кеңсесі арқылы реттеледі. Әлеуметтік акциялар аясында 80-нен астам отбасына атаулы көмек көрсетіліп, халықтың осал топтарына қолдау білдірілді, «Eco Qala Fest» пен «ЖасЭкоПатрульді» қосқанда экологиялық жобалар мен сенбіліктер өткізілді. Ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер, дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылып, жасөспірімдер мен жастарға арналған 60-тан астам білім беру курсы өткізілді.

Сонымен қатар 800-ден астам ерікті ТЖД-мен әріптестік аясында төтенше жағдайларға дайындық бойынша арнайы оқытудан өтті, ал «Жақсылық істер марафоны» шеңберіндегі қайырымдылық іс-шараларға 12 мыңнан астам адам тартылды.

Форум барысында ең белсенді волонтерлар мен еріктілер ұйымдары арнайы алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл олардың еңбегіне деген құрметпен қатар, жаңа қатысушыларға да шабыт берді.

Оқи отырыңыз: Алматыда еріктілердің еңбегі дәріптелді

Новости партнеров