Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі ІІ Абдаллаға тілектестік білдірді
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.
"Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Президенті Таяу Шығыс елдерінің көшбасшыларына хат жолдады