Президент Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.
– Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
23 қыркүйекке арналған валюта бағамы
23.09.2026 07:40
24 қыркүйекке арналған валюта бағамы
24.09.2026 07:50