Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

22.06.2026 19:45
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап

"Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз", – делінген жеделхатта.

Қатардың ең ірі энергетикалық кешеніндегі жарылыс кезінде 50-ден астам адам жарақат алғанын еске салайық. 

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барады