Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

27.11.2025 10:31

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді

Depositphotos

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Оқи отырыңыз: Қазақстаннан Өзбекстанға қатынайтын үш жаңа әуе бағыты іске қосылады