Мемлекет басшысы Конго президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

30.06.2026 19:19
Ақорда

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді", — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады