Мемлекет басшысы Кувейт әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

25.02.2026 09:32

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады", - делінген хабарламада.

Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз: Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді