Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

23.07.2026 12:36

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.  

Президент жеделхатта берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірген.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Сайлауалды үгіт-насихат: Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады