Мемлекет басшысы Словения Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

25.06.2026 19:13
Ақорда

Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы — Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке тіледі. 

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесті.