Мемлекет басшысы Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президент Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
– Қазақстан халқы еліңіздің жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз достық қарым-қатынас пен өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматы Жапонияның туристік нарығымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді
01.10.2026 10:55