Қауіпсіз жол: Алматыда бір тәулікте қанша жол ережесі бұзылды
Аlmaty.tv
Мегаполис жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда өткен тәулікте жол қозғалысы ережесін бүзудыңң 1 913 дерегі анықталды. Оның 162-сі - жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, анықталған заңбұзушылықтардың ішінде:
- 8 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған;
- 1 адам көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған;
- 9 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан;
- 78 адам маневр жасау ережесін бұзған, оның ішінде қауіпті «шашка» жасаған;
- 38 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған;
- 28 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған.
Сонымен қатар 11 көлік арнайы тұраққа қойылды.
Прокуратура жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары жалғасатынын хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматы Жапонияның туристік нарығымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді
01.10.2026 10:55