Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездескенін еске салайық.