Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.12.2025 15:18

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Әзербайжанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту перспективасын талқылады.

Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Ильхам Әлиевтің биыл 20-21 қазан күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Оқи отырыңыз: Президент Besqaru зауытымен танысты