Жаңа тағайындау: Қазақстанның вице-президенті болып кім тағайындалды

31.08.2026 11:22
Фото: instagram.com/erlankarin2019

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін ол мынадай қызметтер атқарған:

  • 1998–2000 жылдары — Қазақстан Даму институтының Саяси зерттеулер орталығының қызметкері, кейін Ресей және Қытай институты директорының орынбасары.
  • 2000–2003 жылдары — Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
  • 2003–2004 жылдары — «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қазіргі заманғы саясат халықаралық институтының бас директоры.
  • 2004–2006 жылдары — Терроризмге қарсы бағдарламалар орталығының басшысы.
  • 2006 жылы — Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
  • 2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
  • 2008–2013 жылдары — «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы.
  • 2014–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
  • 2017–2019 жылдары — «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы.
  • 2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2020–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
  • 2022 жылы — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
  • 2022 жылғы маусымнан бастап — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

Оқи отырыңыз: Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Толық көрсету