Осы аптада Президенттің қатысуымен қандай шаралар өтеді

26.05.2025 10:17

31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады

Ақорда

Ақорда осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қандай шаралар өтетінінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

  • 28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
  • 28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.
  • 28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.
  • 28-29 мамырда Астанаға Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді. 
  • 29 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
  • 30 мамырда елімізге Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.
  • 31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

 Оқи отырыңыз: Елімізде жыл сайын 360 мыңнан астам сәби дүние есігін ашады