Парламент Президент туралы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

08.05.2026 10:45

Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында белгілі болды
 

parlam.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Парламент «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, құжат бойынша комиссия құрамын бекітті.

Парламент палаталарының заң жобасы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ, ал Сенаттан Бибігүл Жексенбай, Сергей Карплюк, Марат Қожаев, Андрей Лукин кірді. Комиссия төрағасы болып Үнзила Шапақ сайланды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысының әкімі тағайындалды