Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады