ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда келісімі: Президент заңға қол қойды

09.01.2025 21:57

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

 

 

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық және еркін сауда туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясының атқарған жұмысы туралы есеп берілді