Президент Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

30.01.2026 10:18

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс тіледі

Ақорда

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен.

Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіпті сақтаған елдер әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттер қатарында – Жеңіс Қасымбек