Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына келді. Ол құрметті қонақ ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон милитаристеріне қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери парадқа қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бірнеше минуттан кейін Тяньаньмэнь алаңында Қытай Халық-азаттық армиясының бөлімдері, заманауи әскери техникасы мен әскери авиациясы қатысатын парад басталады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойлық шараға қатысуы – Қазақстанның ортақ тарихи жадыға құрметін және Қытаймен стратегиялық әріптестікті нығайтуға деген ниетін білдіреді.
Оқи отырыңыз: Президент: Қытай – Қазақстанның мәңгілік стратегиялық серіктесі