Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.
"Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.
Оқи отырыңыз: Президент Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады