Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

09.06.2026 11:37
пресс-служба Акорды

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
 
Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Никол Пашинянды парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады