Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания халқына бақ-береке тіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып,
Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Президент Әзербайжан басшысына құттықтау жеделхатын жолдады