Президент Вьетнам КП Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

24.01.2026 17:34
пресс-служба Акорды

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Almaty.tv. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді