Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді

14.12.2024 11:15

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты