Президент Таиланд короліне құттықтау жеделхатын жолдады

05.12.2025 21:14

Мемлекет басшысы екі елдің сан қырлы ықпалдастығы беки беретініне сенім білдірді

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар екі елдің сан қырлы ықпалдастығы қос халықтың игілігі жолында беки беретініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан еріктілер қозғалысын нығайтуға және жаһандық серіктестікке дайын – Президент