Мемлекет басшысы ірі халықаралық компаниялардың жетекшілерімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтің Вашингтон қаласына жұмыс сапары аясында инвестиция тарту, өнеркәсіп, авиация және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды кездесулер өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
— U.S. International Development Finance Corporation ұйымының атқарушы директоры Бен Блэкпен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Басым бағыттар – тау-кен өндірісі және көлік-транзиттік инфрақұрылым.
— Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездесті. Кездесуде авиациялық кадрларды даярлау және Қазақстандағы жүк ұшақтары паркін дамыту мәселелері қаралды.
— Сонымен қатар Ashmore Healthcare International компаниясының бас директоры Марк Кумбспен кездесу өтті. Президентке Қазақстанда халықаралық клиника салу жоспарлары таныстырылды. Мемлекет басшысы Үкіметтің бұл жобаны қолдауға дайын екенін атап өтті.
— Кездесулер соңында Президент Mars компаниясының басшысы Пол Вайраухты қабылдады. Ынтымақтастық аясында Mars Alatau City-де үй жануарларына арналған жем өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр.