Президент жұмыс сапарымен Шанхайға барды

15.07.2026 18:39

Қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.

17 шілдеде Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады.

Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкер саны 1700-ден асты