Президентті «Ынтымак Ордо» резиденциясында Садыр Жапаров күтіп алды

27.11.2025 11:36

Президент ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін «Ынтымак Ордо» резиденциясына барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.

Айта кетейік, Президент ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты