Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы тұлғаларды реадмиссиялау туралы келісім;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Туризм және жастар министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сербия Республикасының Статистика басқармасы арасындағы өзара саудада статистикалық деректер алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сербия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сербия Республикасының Халықаралық саясат және экономика институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Сербия президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді