Сербия президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды
Сербия президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Сербия президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.
"Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады", - делінген хабарламада.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.
Оқи отырыңыз: Алматының спорт қауымдастығымен өткен кездесуде жаңа Конституция қолдау тапты